• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Пішембаев: Қазақстан ішкі нарыққа және экспортқа бейімделген машина жасау өнімдерін өндіру керек

М.Пішембаев: Қазақстан ішкі нарыққа және экспортқа бейімделген машина жасау өнімдерін өндіру керек

1 Қазан, 2015 11:07
Қазақстан импортқа тәуелділікті жабатын ішкі нарыққа және экспортқа бейімделген машина жасау өнімдерін өндіру керек, деп хабарлады «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пiшембаев Қазақстан машина жасаушыларының III форумында.

«Қазақстан машина жасаушыларының III форумы машина жасау секторы және жалпы ел экономикасы үшiн жаңа экономикалық жағдайда өтiп жатыр. Қазақстан бүгінде ЕАЭО-ға, ДСҰ-ға мүше. Бұл айтарлықтай маңызды оқиғалар. Бiздер, өңдеушi өнеркәсiп қатысушылары, машина жасаушылар үшiн бұл жаңа мүмкiндiктермен қатар жаңа тәуекелдер болып табылады», - дедi сөз басында М. Пішембаев.

Оның айтуынша, машина жасаудың әрбiр тармағы өнеркәсiптiң жеке бiр саласы болып табылады. Алайда, көршiлес елдерде орын алып жатқан жағдайлар бiзге де әсер етедi. Сондықтан бүгiнгi форумда экспортқа бейiмделген өнiм өндiрiсiнiң көлемiн арттыру мәселесiн бiрiншi кезекте талқыланатын болады.

«Біз мұны бірінші кезекте талқылайтын боламыз. Қазақстандық кәсiпорындар жоғары сапалы, бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығаруы үшiн оларды модернизациялау, қайта бейiмдеу қажет. Олардың өнімі импортқа тәуелділікті жабатын ішкі нарыққа және экспортқа бейімделген  болуы тиіс», - деп атап өтті ол.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы сөзін қорытындылай келе, осы мақсатта бүгiнгi форумға бизнес қауымдастықтар, машина жасау саласының өкiлдерi ғана емес, шараға серiктестiктер, Парламент депутаттары, мемлекеттiк құрылым өкілдерi қатысып отырғанын жеткізді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар