• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астананың өнеркәсіптік кәсіпорындарында жоғары сынып оқушыларына ашық есік күні өтуде (ФОТО)

Астананың өнеркәсіптік кәсіпорындарында жоғары сынып оқушыларына ашық есік күні өтуде (ФОТО)

1 Қазан, 2015 19:58
Қыркүйектің 28-і мен қазан айының 9-ы аралығында «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтеді.

Жастардың қоғамдағы ең өткір проблемаларының бірі – жұмысқа орналасуы болса, оның ішінде өзі игерген мамандық бойынша еңбек етуі толықтай шешімін таппаған мәселе. Өз кезегінде бұл мәселелердің сан қырлы себептері болғанымен, ең өзектісі – мектеп қабырғасындағы оқушының болашақ мамандық таңдаудағы дұрыс немесе бұрыс шешім қабылдауы болып табылады.

 «Бәріне бірдей академик, профессор, бизнесмен болу берілмеген. Бұған тек жер бетінде әрбір оныншы адам ғана бола алады. Осыны түсіну қажет: экономиканы алға дамытатын жоғары мамандандырылған әр түрлі мамандық иесі ғана дамыта алады. Олар жоғары жалақы алу арқылы өзінің және отбасының  өмірін қамтамасыз ете алады. Сол кезде қоғам қарқынды және тұрақты дамиды. Осыдан шығатын қорытынды – жастар сұранысқа ие   жұмысшы мамандықтарды игеруі керек және өзі үшін және халқы үшін еңбек етуі тиіс» - деп Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының XIX отырысында  атап көрсеткен болатын.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды насихаттау және оқушыларға кәсіби бағдар беру іс-шаралар кешенін жүзеге асырып келеді.

 2014-2015 оқу жылы барысында 10000 астам 9-11 сынып оқушыларын қамтыған 10 ауқымды кездесу, 20 ашық есік күндері өткізілген болатын. Нәтижесінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдаған түлектер саны 12% артып отыр.

Қыркүйектің 28-і мен қазан айының 9-ы аралығында «Мамандық таңдау – маңызды қадам!» атты 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Цесна Астық» АҚ Концерны, «Целингидромаш» ЖШС, «BI Group» АҚ, «Еврокоптер Казақстан Инжиниринг» ЖШС, «Тұлпар Тальго» ЖШС, «Стальцинк» ЖШС, «Астана Солар» ЖШС сияқты өндіріс орындарының базаларында ашық есік күндері мен экскурсиялар өтеді. Экскурсиялар барысында оқушыларға жұмысқа орналасу үшін оқу орындарда тиісті мамандықты игеру, біліктілік деңгейі, еңбек ерекшелігі, нарықтағы сұранысы және т.б. қажетті мәліметтер кеңінен беріледі. 

Барлық жаңалықтар