Сенат Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады

1 Қазан, 2015 10:52
ҚР Парламент Сенаты «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанның көпжақты келісімдеріне қатысу арқылы стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін іске асыру жөніндегі қосымша мүмкіндіктерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 27 шілдеде ДСҰ-ға кіру туралы хаттамаға Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Женева қаласында қол қойды. 

Сонымен қатар, еліміз ДСҰ-ға мүше басқа елдердің нарығында осы елдердің ішінде тауарларды тасымалдау кезінде қолданылатын сондай көлік тарифтері бойынша тауарларды экспорттауға мүмкіндік береді. ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі бірлескен кәсіпорындар құру, бірлескен зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік объектілерімен алмасу, экономиканың түрлі салаларына  жаңа технологиялар мен инвестицияларды тарту үшін кең мүмкіндіктер көздейді.

Барлық жаңалықтар