• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: ИИДМБ бірінші бесжылдығы аясында Қазақстанның машина жасау саласы оңтайлы экспорттық әлеует жинады

А.Рау: ИИДМБ бірінші бесжылдығы аясында Қазақстанның машина жасау саласы оңтайлы экспорттық әлеует жинады

1 Қазан, 2015 10:45
Мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында біз жақсы экспорттық әлеует құрдық, деді Астанадағы Қазақстан машина жасаушыларының III форумы аясында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

«Бірінші бесжылдықта «мемлекеттік индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы» сала өсу динамикасын оңалтты. Бес жыл ішінде біз өндіріс көлемін 3 есеге  ұлғайттық. Жаңа секторлар пайда болды. Жаңа бесжылдықта 14 саланың 6 саласы машина жасау бойынша жүзеге асты. Осы орай Елбасы салаға қолдау көрсетті», - деді А.Рау.

Экономикада орын алған жағдай машина жасау саласына қатты әсер етті, деді вице-министр. Себебі, бірінші бесжылдықта және екінші бесжылдықтың жартысында үстеме  импорт ауыстыруға қойылған болатын.

«Елде қолданылып отырған машина жасау өнімінің 80 пайызы импорт болып саналады, өңірлерде тұрақты қолданыстағы металлургия, мұнай және газ, ауыл шаруашылығы бар. Біз импорт ауысымды құрдық, экспорт фокусы да жұмыс істей бастады. Бірінші бесжылдық аясында машина жасаудың әр түрлі секторында жақсы экспорттық әлеует құрдық», - деді А.Рау.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар