Қытай бизнес-қауымдастықтары Астанаға инвестиция құюға мүдделі

1 Қазан, 2015 17:53
Машина жасау саласында мамандандырылған 20 компанияның делегациясы елордаға Қытай халықаралық саудасы комитеті төрағасының орынбасары Лу Пенчидің төрағалығымен келді, деп хабарлады «Жерігілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ

Шанхайдың Халықаралық саудаға көмектесу комитетінің (CPIT) хатшылығының басшысы Пань Гуоцзинь бастаған делегация құрамында  тоқыма өнеркәсібі, заң, ІТ, көлік-логистика, брокер және көрме компанияларының өкілдері болды. Бұдан басқа, кездесуге Шанхай әлеуметтік зерттеулер академиясы директорының орынбасары Чжан Чжаоань қатысты.

«Қазақстан геосаяси өте қолайлы орналасқан және одан сіздердің елдеріңіз тек пайда көруі керек. Сондықтан да біз сіздердің жеңіл өнеркісіп, металды қайта өңдеу, логистика салаларындағы кәсіпорындармен серіктестік орнатуға мүдделіміз», - деп атап өтті Қытай халықаралық саудасы комитеті төрағасының орынбасары Лу Пенчи.

Тараптар «Жерігілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ мен CPIT арасындағы ынтымақтастықты жандандыруды, оның ішінде бірлескен өндіріс ошақтарын ашу туралы уағдаласты.

 

Барлық жаңалықтар