ҚР бюджетіне жекешелендіру аясында 2 730 млн теңге қаржы түсті

1 Қазан, 2015 10:23
2015 жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 383 нысан шығарылды, оның ішінде 205 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 92, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 45. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды.

«Республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 355 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге», - делінген хабарламада.

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 нысан  жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 406 нысан  жекешелендіруге жатады.

 

 

Барлық жаңалықтар