- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: ҚР-да «Нұрлы жол» аясында әйелдер техникалық мамандықтарға оқытылатын болады
Г.Әбдіқалықова: ҚР-да «Нұрлы жол» аясында әйелдер техникалық мамандықтарға оқытылатын болады

Басқосуда Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықо Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, Бас интституционалды реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі басты мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанын айта келе, әйелдердің осы жолда қосар үлесіне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, келелі кеңесте «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру аясында әйелдер арасынан жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Сонымен, Инвестициялар мен даму министрлігінің мәліметі бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында, соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу жобасына 1,5 мың әйел қатысуда. Бұл аталған жобаға тартылған барлық жұмысшылардың он пайызын құрайды. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы 12 «шұғыла» қағидаты (Орталық-Оңтүстік; Орталық-Шығыс; Орталық-Батыс) бағытындағы автожолдарды салуға тартылатындардың он пайызын немесе шамамен 20 мыңнан астамын әйел азаматшалар құрайтын болады.
«Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру бағдарламаларын жаңа зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып оқыту қарастырылады. Бұл өз кезегінде экономикамыздың қажеттіліктеріне сай келетін жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі таңда әйел азаматшаларды техникалық мамандықтарға оқытудың және оларды «Нұрлы жол» бағдарламасына белсене қатыстырудың маңызы зор», - деді Мемлекеттік хатшы.
Отырыс барысында сонымен бірге, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері де сөз болды. Бұдан бөлек, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша Ақмола облысы әкімдігі тарапынан қабылданып жатқан шаралар да қаралды. Сондай-аққ, отырысқа қатысушылар Ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбілдинаның «Балалардың ерте дамуы туралы» жобасымен, «Бауыржан» қоғамдық қоры жасақтаған «Дара бала» жобасымен танысты.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова қаралған мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Индира Кауметова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді
-
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді
-
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі

