- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр- ҚазМұнайГаз
Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр- ҚазМұнайГаз
30 Қыркүйек, 2015 16:51
Қазақстан Қытай бағытына қарай 60 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздеп отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 40 млрд текше метрді құрап отыр, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев Астанадағы X KAZENERGY Еуразиялық форумында.
«Қазақстан газ өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр. Бізде қайта айдау тұжырымдамасы бар. Біз газ өндіру көлемін арттыратын боламыз. Біздің есептеуімізше негізгі бағдарлама ішкі нарық. Біз бүгінде Қазақстанды ішкі газбен қамтамасыз ету картасын жасақтаумен айналысудамыз», - деді Д.Берлібаев.
Осы ретте оның айтуынша, еліміз Шығысқа газды тасымалдау жүйесін толығымен жасақтай алды.
«Бүгінде Қытайға 40 млрд текше метр газ тасымалдануда, біздің есептеулеріміз бойынша кеңейту 60 млрд текше метрге дейін жүргізіледі. Газды тасымалдау көлемі ішкі нарықта және Қытай бағыты бойынша да бірдей артатын болады», - деп түйді ол.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты