Шығыс Қазақстанда 10 мың га бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды

1 Қазан, 2015 08:36
Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 200,7 мың га суармалы жер бар, оның ішінде 71,8 мың га өз бағыты бойынша пайдаланылмауда. Тиісті облыстық басқармалар мен әкімдіктер жүргізген бірқатар жұмыстардың қорытындысы бойынша 9,7 мың га жер телімі қайтарылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық агенттігі.

Биылғы жылы облыс әкімі Даниал Ахметов «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында бос жатқан немесе суармалы жерлер заңнамасын бұзу арқылы пайдаланылып жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекетке қайтару тапсырмасын берген болатын. Қайтарылған жерлерді ауылшаруашылығы бағытындағы сауда айналымына енгізу жоспарлануда.

Тиісті облыстық басқармалар мен әкімдіктер жүргізген бірқатар жұмыстардың қорытындысы бойынша, 71,8 мың га бос жатқан жердің 9,7 мың га жер телімі қайтарылды. Сондай-ақ, 34,7 мың га жер телімі бойынша келісімшартты бұзу жұмысы жүргізілуде, ал қалған 0,5 мың га жерді алу талабын сот қарастыруда.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстандық РМК филиалы «КазВодХоз» желісі бойынша суармалы жерлерді кеңейту бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Осылайша, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында жалпы ауданы 17,6 мың га суармалы жерге арналған 6 гидротехникалық ғимарат салынуда және қайта жөндеуден өтуде.

Барлық жаңалықтар