- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысы «Astana Leisure 2015» көрмесінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды
Ақмола облысы «Astana Leisure 2015» көрмесінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды
Көрме Астана қаласында, «Көрме» көрмелік кешенінде, дәстүрлі Дүниежүзілік туризм күні кәсіптік мерекеге орай өткізілді. Ұйымдастырушы ҚР инвестициялар және даму Министрлігі және «Iteca» Қазақстандық халықаралық көрмелік компаниясы болды.
Көрме экспозициясыәлемнің 25 елінің 65 компаниясын біріктірді: Индонезия, Япония, Куба, Венгрия, Вьетнам, Корея, Мальдива, Қытай, Испания, Италия, Германия, Доминиканс Республикасы, Чехия Республикасы, Швейцария, Малайзия, Тәжікстан, Таиланд, Турция, Латвия, Ресей Федерациясы, Қазақстан және басқа.
Көрме экспозициясы нарықтың жаңа және жаңаша ұсыныстарына толы болды, оның ішінде сауықтыру және тау шаңғысы курорттары, оқиғалы туризм, тарихи және археологиялық мұрағатка бай елдер, медициналық туризм бағыты және MICE, қысқы кезеңдегі жағажайлық демалыс, LUXE кластағы туризм және көптеген басқалар.
Көрменің салтанатты ашылуында ұйымдастырушылар және ҚР инвестициялар және даму Министрлігінен құрметті қонақтар, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, «Iteca» көрмелік компаниясының өкілдері және шетелдік қонақтар болды.
Ақмола облысының туристік әлеуеті Ақмола облысы туризм Басқармасының 14 туристік бизнес субъектілерімен бірлесіп ұсынған айшықты экспозициялармен шықты: «көкшетау» МҰТП, «Алмаз», «Щучинский» санаторийлері, «DISCOVERY-BOROVOE» РСО, «Park House hotel», «Айнаколь, Терасса Парк мейманханалары, «Приозерный» БДО, «Круиз», «Глобус», «Жолымбет» туристік фирмалар, «Белсенді демалыс және туризм Орталығы» ЖШС және басқалар.
Ақмола облысы туризмінің әлеуетін көрсететін 10 мыңнан артық данамен жарнамалық-ақпараттық материалдар ұсынылды. Белсенді жұмыс барысында, турбизнес субъектілері Қазақстандық, жақын және алыс шетелдік туркомпаниялармен 100 тарта ынтымақтастық келісімдер жасады.
Осы көрмеде белсенді қатысқаны және көрмелік экспозицияны мазмұнды және масштабты ұсынғаны үшін, Ақмола облысының туризм Басқармасына «Iteca» көрмелік компаниясының халықаралық сертификаты табыс етілді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда