• Басты
  • Жаңалықтар
  • Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 1 645 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырды

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 1 645 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырды

30 Қыркүйек, 2015 17:52
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен (АШТӨ) 2015 жылы жасалған бидайды және/немесе арпаны форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қабылдауға кірісті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы Азық-түлік Азық-түлік келісім шарт корпорациясы корпорациясының аталған бағдарламасы бойынша 16,5 млрд. теңге сомаға 1 645 АШТӨ қаржыландырылды, 2,8 млн. га егіс алқабы қамтылды. Шарттар бойынша аграршылардың міндеттемелерді орындау мерзімі 2015 жылдың 1 қарашасына анықталған.

Бүгінгі таңда астықты жеткізу және ақшаларды қайтару арқылы АШТӨ  өз міндеттемелерін 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға орындады.

 

Барлық жаңалықтар