- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіретін ірі өндірушілердің ондығына енеді
Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіретін ірі өндірушілердің ондығына енеді
30 Қыркүйек, 2015 15:03
Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай және газ өндіретін ірі өндірушілердің 10-дығына енеді. Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан Х Еуразиялық KAZENERGY форумы аясындағы баспасөз мәслихатында «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.
«Біздің ірі жобалар дамитынына көзіміз жетті. Келесі жылы Қашаған жылы болмақ. Жалпы, мұнда негізінен мұнай-газ секторына көңіл бөлінген. Қазақстан 2020 жылдың басында тәулігіне 2 млн баррель өндіретін жағдайға жетуі мүмкін», - деді Т.Құлыбаев.
Қауымдастық президенті Қазақстанда дәстүрлі энергия көздерімен қатар, энергияның баламалы көздеріне ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айтты.
«Біздің елдің энергетика саласында көмір бар. Генерацияның 60 пайызын көмір арқылы өндіріп отырмыз. Атом энергетикасын дамытатын жобалар бар. Біз энергеияның баламалы көздеріне де аса мән беріп отырмыз. Бізде күн панелдерін өндіретін зауыт құрылды. Жалпы, бұл бағытты үнемі дамытатын боламыз», - деді ол.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер