- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада нашақорлыққа қарсы акция басталды
Астанада нашақорлыққа қарсы акция басталды
ІІМ қалалық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырған акцияға77 орта мектеп және 12 арнаулы оқу орындарының мыңнан аса оқушылары қатысты.
Іс-шарада ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің нашақорлық профилактикасына, оның ішінде синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін тұтынудың жолын кесуге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті, деп хабарлады ведомство.
Акция шеңберінде қазақстан спорт жұлдыздары Қазақстан Республикасы Спорттық күрес қауымдастығының вице-президенті Юрий Мельниченко, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева, ҚР Дзюдо федерациясының дамыту жөніндегі директор Асхат Житкеев, таеквондо бойынша Қазақстан құрамасының тренері Арман Шылманов) жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға жастарды үгіттеді.
Денсаулық сақтау өкілдері синтетикалық есірткілерді тұтынудың зияндығы және оның адам психикасына ықпалын шегетін қоспаларды тұтыну салдарынан болатын нақты психикалық бұзылу туралы бейне ролик көрсетті. Соңында би және спорттық ұжымдардың қатысуымен концерт өткізілді.
Іс-шара соңында «Өз өміріңді көркемде» ұранымен Қазақстанның әр өңірінен қатысушы оқушылар тобына тулар тапсырылды.
Акция соңында «Нұр Отан» - «Жас Отан» партиясының жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен атана көшелерінде көлемді автопробег ұйымдастырылды.
Облыстардың тулары акцияны одан әрі жалғастыру үшін «Қызылжар» рубежіндегі бекетте Қарағанды облысы ІІД қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырылды.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар