• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сауда кемелерін КТС мен ҚҚС-дан босату арқылы ҚР теңіз флоттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспарлануда

Сауда кемелерін КТС мен ҚҚС-дан босату арқылы ҚР теңіз флоттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспарлануда

30 Қыркүйек, 2015 13:12
Қазақстанда сауда кемелерін корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату арқылы отандық теңіз флоттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев ОКҚ-да.

«Отандық  теңіз флоттарының бәсекеге  қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет сәйкесінше шараларды қолға алуда», - деді Ә. Асаубаев.

Оның айтуынша, салықтық заңнамаға өзгертулер енгізілуде.

«Бүгінде салықтық заңнамаға сауда кемелерін корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату туралы өзгертулер енгізілуде. Бұл отандық компанияларға жаңа кеме сатып алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады комитет төрағасы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар