- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада еңбек әулеттерінің форумы өтті (ФОТО)
Қызылордада еңбек әулеттерінің форумы өтті (ФОТО)
Аталған форумға еңбек сабақтастығын жалғастырушы дәрігерлер әулетінің өкілдері, білім беру саласының майталмандары, 600-ден астам еңбек өтілі бар теміржолшылар әулеттері, ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген барлығы 12 еңбекшілер әулеті қатысып, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Биылғы жылдың ерекшелігі - форумға Сыр елінің мақтаныштары балықшылар әулеті, ата бабамыздың кәсібін жалғастырушы малшылар әулеті, рухани құндылықты насихаттаушы кітапханашылар әулеті қатысты. Олардың ішінде темір жол саласы бойынша 744 жыл еңбек өтілі бар Байсағұловтар әулеті, 600 жылға жуық темір жол саласында аянбай еңбек етіп келген жалағаштық Бадрақовтар әулеті де бар. Сондай-ақ, қармақшылық Жұматаевтар әулетінде 18 адам білім саласында жемісті еңбек етуде. Олардың жалпы еңбек өтілі 530 жылды құрайды.
Салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қарапайым еңбек адамын құрметтеудің маңызына тоқталып, жиылғандарды Еңбек күні мерекесімен құттықтады.
«Осындай өз кәсібін атадан балаға мирас ете білген, бір саланың дамуына отбасы болып үлес қосып жүрген азаматтарды мадақтап, марапаттап, көпшілікке үлгі қылуымыз қажет. Бұл жастардың болашақта мамандық таңдауына да, өз ісіне құрметпен қарауына да зор үлес қосары сөзсіз. Болашақта осы әулеттердің қатарына жаңа мамандық иегерлері, программистер, сот саласының өкілдері, құрылысшылар, мұнайшылар қосылады деген ойдамын. Сіз бен біздің еңбегіміз еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз етуге қосқан үлес болуы керек», - деді аймақ басшысы.
Еңбекшілер әулетінің өкілдері де өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.
«Біздің әулетімізде денсаулық сақтау саласында 19 жан еңбек етуде, сондай-ақ 2 студент болашақ дәрігер атанбақ. Қазіргі күні облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында біраз жұмыстар атқарылуда. Биыл 4 емхана пайдалануға берілсе, алдағы уақытта тағы 2 емхананың құрылысы аяқталмақ», - деген дәрігер Шынтас Зетов аянбай еңбек ету үшін барлық жағдай жасалып отырғандығын жеткізді.
Форум жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қорытындыланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті