Ә.Асаубаев: ШҚО-да Шүлбі шлюзінің құрылысы аяқталуға жақын

30 Қыркүйек, 2015 12:52
Шығыс Қазақстан облысында Шүлбі шлюзінің құрылысы аяқталуға жақын, деді ОКҚ-да ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

«Ішкі су жолдарында Шүлбі шлюзінің қорғаныс ғимаратының салынуы аяқталып қалды. Жобаның жүзеге асуы шлюз бен Ертіс өзені бойынша тасымалды қауіпсіздендіре түседі», - деді Ә.Асаубаев.

ҚР ИДМ баспасөз қызметі осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының Шүлбі шлюзі 2015 жылы пайдалануға беріледі деп хабарлаған. Нысанда гидротехникалық қорғаныс ғимаратының салу жұмыстары жүргізілді.

Шүлбі шлюзінің кемелік ғимаратының құрылысын жүргізудің  мақсаты шлюздің көктем-күз мезгілінде қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Кеме жүзетін шлюз  - кеме жүзетін жолдарда бір бассейннен екінші бассейнге өтуді қамтамасыз ететін гидротехникалық нысан болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар