- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды гарнизонында әскери міндеттілер жиыны аяқталды (ФОТО)
Қарағанды гарнизонында әскери міндеттілер жиыны аяқталды (ФОТО)
Жиын «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті, оған барлығы 70 адам қатысты. Жиын барысында әскери міндеттілер өздерінің машықтанған дағдыларын еске алып, жауынгерлік даярлығын арттырды.
Аталған жиынның аяқталуы бойынша ерекше көзге түскендерге грамоталар табыс етіліп, сондай-ақ олардың жұмыс орындарына алғыс хаттары жолданды. Ал Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағындағы әскери міндеттілермен өтіп жатқан жиын жалғасуда. Бүгінгі күні оқуға 100 адам келді, олардың барлығы бұрын Қарулы Күштерде әскери қызмет өткерген, запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар болып табылады.
Осы жылдың 28 қазанына дейін әскери-оқыту резерв бағдарламасы бойынша барлығы 1 500 адамды даярлау жоспарланып отыр. Жиын бағдарламасы 2 аптаға шамаланып, «Іле» оқу-жаттығу полигонының шатырлы қалашығында өткізілуде.
Жасақ офицерлерінің басшылығымен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери кәсіптің, қару-жарақ пен техниканың ерекшеліктерін меңгереді.
Сонымен қатар тылдық және техникалық қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жеке әскери мамандықтары бойынша даярлықтан өтеді. Әскери міндеттілермен өтетін жиындар әскери-оқытылған резерв ішіндегі азаматтармен талап етілген әскери даярлық деңгейін қолдау үшін тұрақты түрде ұйымдастырылады.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға