- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, заң жобасы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және көші-қон үрдістерін реттеу мақсатында әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға бағытталған.
Заң жобасы келесі мәселелерді қарастырады:Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты (ШЖК):
Елге жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдіктерге жұмыс берушілер тарапынан ШЖК тарту рәсімін ырықтандыру, шетелдік жоғары білікті мамандардың еркін нарығын құру арқылы экономикадағы кадрлар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жүйелі шараларын енгізу.
Біріншіден, жұмыс берушілерге рұқсаттама беру идеологиясы түбегейлі қайта қаралды. Енді алымдар ел бюджетіне өндірілетін болады. Ол мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға, оны аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына бағыттауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Қазақстанға келетін шетелдік мамандар экономиканың басым салаларында талап етілген мамандықтар тізбесі бойынша біліктілігінің сәйкестігі туралы 3 ай ішінде берілетін анықтама негізінде кез келген жұмыс орнына мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік алады.
Шетелдік маман оның білім деңгейін, жұмыс өтілін, практикалық тәжирибесін және де өзге де біліктілігін растайтын параметрлерін айқындайтын балдық жүйе арқылы бағаланатын болады.
Үшіншіден, ішкі корпоративтік ауыстыру процедурасын жетілдіру қарастырылып отыр. Мұндай шетелдік жұмыс күшін тарту тәсілі жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға, Дүниежүзілік сауда Ұйымының талаптарына сәйкестендірілетін болады.
Сондай-ақ, аталған жаңалықтарды іске асыруға бағытталған ақпараттық-сараптамалық жүйені құру жоспарланып отыр. Ол жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін айтарлықтай жеңілдетіп, рұқсаттама беру процедураларын біршама жылдамдататын болады. Егер аталған шаралар қазіргі таңда 30-40 күнге созылса, ұсынылып отырған тәртіп бойынша орта есеппен 5 күнге дейін қысқаратын болады.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту органдары функцияларының қосарланушылығын болдырмау мақсатында олардың құзыреті қайта қаралды. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына бірқатар функциялар, оның ішінде: жұмыссыздарды тіркеу, оларға кәсіби оқу, жұмысқа орналасу үшін жолдамалар беру, тіркелген жұмыссыздарға тиісті анықтама беру, сондай-ақ еңбек нарығы жөнінде деректер қорын жаңарту міндеттерін беру көзделеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар