• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Мансұров: Қазақстан мен Ресей энергетикасы – ЕАЭО экономикасының негізі

Т.Мансұров: Қазақстан мен Ресей энергетикасы – ЕАЭО экономикасының негізі

30 Қыркүйек, 2015 12:14
Қазақстан мен Ресей энергетикасы – ЕАЭО экономикасының негізі, деді Х Еуразиялық KAZENERGY форумы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым коллегиясының мүшесі Таир Мансұров.

«ЕАЭО келісімінде энергетикаға ерекше мән беріледі. Қазақстан мен Ресейдің энергетикасы – барлық сала тәуелді болып отырған   экономиканың  негізі, ол одақ аясында интеграциялық ынтымақтастықпен нығаюда.Сондықтан да келісімде мүше мемлекеттер энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, энергия ресурстарының ортақ нарығын қалыптастыруды кезең кезеңмен жүзеге асырады деп көрсетілген», - деді Т.Мансұров.

Министр атап өткендей, келісімге сәйкес, ортақ энергия энергетикалық нарық 2019 жылдың 1 шілдесінде дайын болады. Газдың ортақ нарығы мен мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы 2025 жылдың 1 қаңтарында әзірленеді. Осы жылы үш тұжырымдаманы дайындау әзірленген.

«Олардың біріншісі – ортақ энергетикалық нарықтың пайда болуы, оны  8 мамыр күні Президент мақұлдады. 2015 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық кеңес ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдерінің одағын құру тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар