- Басты
- Жаңалықтар
- Ф.Фийон: Қазақстанның баламалы энергия көздеріне өту мүмкіндігі өте зор
Ф.Фийон: Қазақстанның баламалы энергия көздеріне өту мүмкіндігі өте зор
«Қазақстан – бақытты мемлекет. Себебі, мұнда бірінші сұрыпты пайдалы қазбалар бар. Қазақстан әлем бойынша уранның көшбасшы өндірушісі, ал елдегі мұнай қоры әлемдегі мұнайдың үштен бірі, экспорттың 60%-ға жуығы дәл осы мұнай. Бұл тамаша мүмкіндіктер және айтарлықтай үлкен тәуекелдер. Біз бұл жерде мұнай баррелінің 35 долларға дейін төмендеуі жайында айтып отырмыз.
Оның айтуынша, белгілі бір уақыт ішінде жаңа жағдайларға бейімделу қажет болады. Бұл ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесін өткізуге де байланысты. Қазақстан пайдалы қазбалардан алатын электр энергиясы өндірісінің 85%-ы мен келесі трансформация үшін керемет мүмкіндіктерге ие болып отыр.
«Көмірсутектерден шығатын қалдықтарды қысқартуға арналған мүмкіндіктер мұнайдан газға көшу мен конверсиясының тамаша амалы болады», – деген Ф.Фийон бұл, сондай-ақ, энергияның қалпына келтірілетін көздерінің барлық түрлерін дамытудың да мүмкіндігі екенін айтты.
Ол трансформация Қазақстанда басталып кеткендігін ерекше атап өтті.
«Еуропада трансформация үдерісі сәтсіз болды. 2008 жылғы дағдарыс оны бізге анық аңғартты. Экономикамыз толығымен құлдырап кетті деуге болады. Дегенмен, уақыт өте келе біз бейімделе бастадық. Көмірқышқыл газының ауаға зиянды заттардың таралуы азайып келеді. Саясат та біздің шығындарымызды қысқартуға арналған нақты тетіктерді жасап келеді. Біздің шешімдеріміз бен таңдауларымыздың геосаяси ауқымы мен оның негізгі бағыттарын өзге елдермен де жүргізуіміз керек. Еуропа мен Азияның қарым-қатынасы дами түседі. Осы тұрғыда Қазақстан - Азиядағы біздің басымдыққа ие әріптестеріміздің бірі», - деді Ф.Фийон.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды