• Басты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
29 Қазан, 2013 17:35

Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиді   Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады | Strategy2050.kz

«Жеделхатта Қазақстан Президенті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан әрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірді», - деп хабарламада нақтыланған.

«Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық біздің елдеріміз халықтарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Г.Маргвелашвилиге зор денсаулық және жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.        

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды