- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстанның энергетикалық ресурстарын кеңінен игеру инновацияларды енгізумен сүйемелденуі керек
Н.Назарбаев: Қазақстанның энергетикалық ресурстарын кеңінен игеру инновацияларды енгізумен сүйемелденуі керек
«Мұнай-газ және энергетика саласы елдің қозғаушы күші болып саналатын ұлттық экономиканың сегменті. Жұмыс істеп жатқан 10 жыл ішінде KAZENERGY қауымдастығы көшбасшы салалық бірлестік ретінде өз орнын бекітті. Қауымдастық бизнес пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, жаңа технологияларды енгізуге инвестициялар тартуға қолдау көрсетеді. Қауымдастықпен бірге KAZENERGY форумы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта қауымдастық алдында ерекше міндеттер тұр»,- деп ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Сондай-ақ, Елбасы атап өткендей, Қазақстанның энергетикалық ресурстарын кеңінен игеру инновациялар, экономияны үнемдеудің жаңа стандарттарын енгізу, сондай-ақ, экономиканың қайта өңдеуші саласында мультипликациялық ықпалын қамтамасыз етумен сүйемелденуі керек.
«KAZENERGY қауымдастығына кіретін барлық компаниялардың ортақ миссиясы, біздің ортақ күш салуымыз озық халықаралық стандарттарға ықпал ететін тиімділігі жоғары индустрия құруды қамтамасыз ететініне сенімдімін», делінген хатта.
Айта кетейік, Форумның басты назарында - мұнай-газ және энергетика нарығының даму келешегі үшін берік тұғырды қалыптастыру мақсатында мемлекеттер, саланың өкілдері және негізгі шешімдерді қабылдайтын тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты талқылау.
Оныншы Форумның басты спикерлері ретінде Франсуа Фийон, РФ Үкіметінің төрағасы (2007-2008), «Газпром» БАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Зубков (министр), ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы Нуер Байкели, Газа экспортшы елдер форумының (GECF) бас хатшысы Сайед Мохаммед Хусейн Адели, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі және Барлығына арналған тұрақты энергетика жөніндегі бастаманың (SE4All) бас директоры Канде К. Юмкелла, Sinopec Group басқарма төрағасы Ванг Юпу, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот, Халықаралық газ одағының (IGU) бас хатшысы Пол Расмуссен, Пулитцер жүлдесінің лауреаты Дэниел Ергин, «VitolGroup» президенті және бас атқарушы директоры Ян Тейлор және т.б. тұлғалар қатысады деп күтілуде.
Анар Тәңірқұлова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Қазақстанның бейбіт бастамалары