- Басты
- Жаңалықтар
- ЯСЖТШ бойынша Жапониямен теңтөрағалық аясында Қазақстан Келісімнің өз күшіне енуі жолында жұмыс істеуде
ЯСЖТШ бойынша Жапониямен теңтөрағалық аясында Қазақстан Келісімнің өз күшіне енуі жолында жұмыс істеуде
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, сұхбат барысында еліміздің БҰҰ БА 70-ші сессиясы шеңберіндегі негізгі ұстанымы мен біздің басқа да өзекті мәселелер, соның ішінде Сириядағы жағдай бойынша көзқарастарымызды айқындап берді.
ҚР СІМ басшысы еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшелікке кандидатурасын ілгерілету аясындағы әлемдік ядролық, су, азық-түлік және энергетика қауіпсіздігіне бағытталған сыртқы саяси басымдықтарымыз жайлы айтып берді.
Оның айтуынша, БҰҰ ҚК құрамына кіре отырып, Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне өз үлесін қосып, Қауіпсіздік Кеңесін жаңа сындар мен қатерлерге төтеп бере алатын, айтарлықтай өкілетті және транспарентті органға айналдыру мақсатында оны реформалау мен трансформациялауға бар күш-жігерін салатын болады.
Сонымен қатар Министр Қазақстан мен Жапонияның Жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісімді (ЯСЖТШ) күшіне ендіруге ықпал жасау бойынша 9-шы Конференцияның теңтөрағалық құқына кіруі туралы айтып өтті.
Оның пікірінше, ЯСЖТШ-дің күшіне енуі қазіргі таңда адамзат қауіпсіздігі сенім артып отырған маңызды құжаттардың бірі – Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді тиімді іске асырудың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Е. Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан мен Жапония ядролық қаруды қолдану мен сынаудан жапа шеккен мемлекеттер ретінде оның күшіне енгізу мәселесіне елеулі үлес қосу мақсатында айтарлықтай күш-жігер салуға ниетті.
Ол үшін, өздеріңізге белгілі болатындай, құжатқа қол қойылуы және нақты сегіз елдің оны ратификациялауы қажет. Сондай-ақ, ол «Дамуға ресми көмек туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру үдерісімен таныстырды. Бұл Қазақстанның дамуға көрсетіп отырған көмегін жүйелендіріп, оны еліміздің сыртқы саяси мүдделерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан ТМД кеңістігінде баламасы жоқ аталған заңды жасап шығару мен қабылдау бойынша өзіндік бір «алғашқы өтуші» мемлекет болып табылады»,-деді министр.
Сұхбат барысында Сириядағы мәселеге қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы да сөз болды. Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстан Республикасы Сирияның ішкі қақтығысын тек бейбіт жолмен ғана шешуге болады деген ұстанымда екенін жеткізді.
Ол Қазақстан биылғы мамыр айында Астанада Сирияаралық келіссөздер жүргізуге алаң ұсыну арқылы сириялық дағдарысты реттеуге барынша ықпал жасағанын растап, «көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан қантөгіс қақтығыстың шешіміне бір қадам болсын жақындауына мүмкіндік береді» деп шын жүректен сене отырып, биылғы қазан айында келіссөздердің келесі раундын өткізуге де алаң ұсынуға дайын екендігін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді