- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Павлодар облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1979,4 млн теңге бөлінді
Биыл Павлодар облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1979,4 млн теңге бөлінді
Ағымдағы жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 192 үміткер 446,4 млн.теңге сомасына шағын кредит алды. Одан басқа, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде бұрын қайтарылған (жиналған) қаражат есебінен 104,3 млн.теңге сомасына Бағдарламаның 61 қатысушысына шағын несие берілген.
Биылдан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына 504 адам (жылдық жоспар – 400 адам) жұмысқа орналастырылды. Оқу орындарының 359 түлегі үшін жастар практикасы ұйымдастырылды.
Жалпы, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шараларымен 4656 адам қамтылды, бұл жылдық жоспардан 2,7 есе артық (жоспар – 1734 адам).
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының нәтижелілігінің көрсетсеткіші жұмыс берушілердің Бағдарлама қатысушыларына 10% міндетті зейнетақы жарналарын аударуы болып табылады.
Нәтижесінде, 4562 тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан қатысушылардың 61%-ының аударымдары бар (2780 адам).
Бизнес-жобаларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізуге келсек, бүгінгі таңда Павлодар облысында жалпы сомасы 51,9 млн. теңгені құрайтын және мемлекеттік сараптамасы бар 17 жобалау-смета құжаттамасы әзірленген.
Сондай-ақ сомасы 143,7 млн.теңгені құрайтын, жобалау-смета құжаттамасы әзірленуі тиіс 46 бизнес-жоба бар. Сонымен қатар, басқарма басшысы хабарлағандай, келесі жылдан бастап инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізу облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, әкім жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қала және аудан әкімдеріне бұл жобалардың қажеттілігін тағы да зерделеуді тапсырды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Тұяқовтың ақпары бойынша, бүгінге білім беру саласының 663 нысаны, денсаулық сақтау саласының 373 нысаны, әлеуметтік саланың 221 нысаны және 2301 көп қабатты тұрғын үй алдағы маусымға сақадай сай. Бұл көрсеткіш жалпы көлемнің 95%-ын құрайды. Алайда, қазіргі уақытта Павлодар қаласында 54, ал Екібастұз қаласында 65 үй дайын емес.
Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша аймақ басшысы «Павлодарэнерго» АҚ-ға, «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-сына негізгі энергия жабдығын жөндеу мерзімдерін кейінге қалдыруға жол бермеу бойынша шаралар қолдануды, қала және аудан әкімдеріне 1 қарашаға дейін алдағы қысқы маусымға дайындық төлқұжаттарын уақтылы алуды қамтамасыз етуді, 15 қазанға дейін көмірді қажетті орындарына уақтылы және толық көлемде жеткізуді, 1 қазанға дейін қазандықтардың күрделі жөндеуін аяқтауды тапсырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда