- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі экономика министрлерінің кездесуі өтті
Астанада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі экономика министрлерінің кездесуі өтті
Кеңестің 5-ші кездесуінің жұмысына Түрік Республикасының Экономика министрі Нихат Зейбекджи, Әзірбайжан Республикасы Экономика және индустрия министрінің орынбасары Сахиб Мамедов, Қырғыз Республикасының Экономика министрінің орынбасары - Данияр Иманалиев, сондай-ақ Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Кочаман қатысты.
Кездесу барысында түркітілдес елдердің көпжақты сауда-экономикалық ықпалдастығын одан әрі үлғайту, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс тобытарының қызметі, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту, біріккен инвестициялық қорын құру мәселелері талқыланды.
Ерболат Досаев: «Түркі кеңесі инвестициялар, кәсіпкерлік, экономиканы әртараптандыру сияқты әр түрлі салаларда жұмыс істейді. Алайда, қазіргі қиын экономикалық жағдайда Кеңес елдерінің сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайтқан жөн», - деп атап өтті.
ҚР Ұлттық экономика министрі сауда қатынастарын дамытуға ықпал ететін шаралардың бірі ретінде өзара саудадағы кедергілерді қысқартуды ұсынды.
Министр: «Тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою үшін маңызды фактор болып Еуразиялық экономикалық одағын құру табылады, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттерінің ішінде оның мүшелері Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы болып табылады. ЕАЭО шеңберінде 170 миллиондық нарық қалыптасқан және тауарлардың, қызметтердің, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін аналымына жағдай жасалған», - деп айтты.
Ерболат Досаев әлемдік экономикадағы үрдістер әр мемлекеттен экономикалық инструментарийлерді жетілдіруді қажет етеді. Осылайша, жаңа құрылымдық экономиканың моделін қалыптастыру мақсатында Елбасы қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыратын, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ететін, индустрияландыру мен экономикалық өсу, бірыңғай болашақтың ұлтын қоса алатын 5 институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 қадам» Ұлт жоспарын ұсынды.
Кеңес құрылғаннан бері өткен 6 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Түркі кеңесінің елдерімен сауда айналымының көлемі 2 есе ұлғайды.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Экономика министрлерінің 5-ші кездесуінің қорытындысы бойынша:
- Инвестициялық статистика саласындағы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы,
- Инвестициялық ахуал бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін зерделеу бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы,
- Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Кеңес өзара сенімділікті, достастықты, тату көршілікті нығайту, бейбітшілікті қолдау, өңірдегі қауіпсіздікті күшейту, жан жақты және теңдестірілген экономикалық өсу мен әлеуметтік және мәдени даму тиімді тетігі болып табылады.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан кіреді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру