- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды
Астанада республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды
Фестиваль аясында «Асыл қазына» қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуірлеріндегі ұлттық киімнің нобайлық (эскиздік) жобаларының көрмесі мен «Ата өнері - ұрпаққа мұра» қолдан жасалған бірегей тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар іс-шара бырысында этнопедагогика бойынша «Тіл – достықтың алтын көпірі»; «Ертегілердегі ел даналығы: оқытамыз және бірге оқимыз»; «Қазақ ұлттық киімінің философиясы» тақырыптарына арналған «Халық даналығының қайнары» атты ашық сабақтар өткізілді.
Этнопедагогика бойынша өткен ашық сабақтарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Сараптамалық кеңестің хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к. - Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы (Астана қаласы), Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСК мүшесі, ф.ғ.д. - Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы (Астана қаласы), Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі - Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызы (Алматы қаласы) жүргізді.
Фестиваль бірінші бөлімінің соңында Қазақстанның танымал дизайнерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар дизейнерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты, сондай-ақ, дизайнерлер мен іс-шара ұйымдастырушыларына шексіз алғыстарын білдірді.
«Батыр» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі Айымбетов Қанат Ыбырайұлы «Асық ату» тарихына тоқталып, балалар арасында «Алты ату» ұлттық ойынын өткізді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті