- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы дала елі» экспедициясы Қарқаралы қаласына келді
«Ұлы дала елі» экспедициясы Қарқаралы қаласына келді
Қарқаралы – ол Қарағанды облысының ғана емес, сонымен қатар күллі Қазақстанның мақтанышы. Қала атауы қыздардың бас киімі – қарқарадан шыққан. Алыстан қарағанда Қаланың тұрпаты аталмыш бас киімнің үлгісіне ұқсас болып келеді.
Қарқаралы тарихы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың атымен тығыз байланысты. Оның әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы 1851 жылы Қарқаралы округінде мұсылман мешітін тұрғызған. Бүгінде бұл мешіт тарихи құндылық болып табылады. Ал, Ұлы Абай өмір сүрген үй қайта қалпына келтіріліп, онда Мәди Бапиұлы атындағы өнер мектебі ашылды. Мұнда экспедицияны жас өнертанушылар қарсы алды. Арнайы қонақтардың келуіне орай олар музықалық тарту жасады: халық әндерін орындап, ұлттық аспаптарда ойнады. Экспедиция мүшелері жас әртістердің өнеріне риза болды.
Қарқаралы – ұлы қазақстандықтардың отаны. Онда халық компазиторы, ақын Мәди Бапиұлы өмірге келген. Мұнда ақынның құрметіне ескерткіш қойылған.
Бұдан кейін экспедиция қатысушылары жергілікті халықпен кездесіп, бұл сапардың мақсаты мен міндетін түсіндірді. Жалпы, Қарқаралы ауданы бойынша экспедиция бағыты өте ауқымды болды.
Айта өтейік, келесі бағыт – Теміртау қаласы.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері