- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда мақтаның 32% жиналды
Оңтүстік Қазақстанда мақтаның 32% жиналды
29 Қыркүйек, 2015 20:13
Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақта алқаптарындағы «ақ алтынның» 32 пайызын жинады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Айта өтейік, терім науқаны басталған уақыттан бері 84500 тонна мақта терген шаруалар маусым соңына дейін бұл көрсеткішті жоспарға сәйкес 265 мың тоннаға жеткіземіз деп отыр. «Мақтаның сатып алу бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама өсіп, 100-105 теңгеге жеткен. "Ақ алтынның" қымбат бағада саудаланып жатқанына мақтаралдық шаруалар дән разы», - делінген хабарламада.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, «ақ алтын», негізінен, Мақтарал мен Шардара аудандарында жиналып жатыр. Ал Отырар, Түркістан және Ордабасы аудандарында терім науқаны енді қыза бастаған.
Айта кетерлік жайт, облыста 99,3 мың гектар жерге шитті мақта егілген. Шаруалар мақта алқабының әр гектарынан 26,7 центнерден өнім аламыз деп отыр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды