- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу науқаны басталды - ДСӘДМ
Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу науқаны басталды - ДСӘДМ
Биылғы жылы еліміздегі 241 медициналық мекеме өзінің біліктілік деңгейін ресми түрде бекітуге бел буып отыр. Олардың 202-сі - мемлекеттік, 39-ы жеке емханалар мен ауруханалар. Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу енгізілгеніне 5 жыл.
Бұл шара ерікті жүргізіледі және де медициналық қызмет сапасы және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Әрі аккредиттеуден өткен жеке клиникалар бюджеттік мекемелермен қатар кепілді тегін медициналық көмек ауқымы аясында тапсырыс алуға мүмкіндік береді.
Акредиттеу шаралары желтоқсан айына дейін республикамыздың барлық аумақтарында бір уақытта өткізіледі. Бұл науқанның барысын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің жіті қадағалауымен өткізіледі.
Медициналық ұйымдардың жұмысын бағалауға арнайы дайындықтан өткен 200-ге тарта сарапшы тартылды. Олар мекеме жұмысымен жан-жақты танысып, медициналық қызмет көрсетудің ұлттық стандарттарына қаншалықты сай екенін анықтайды. Акредиттеуге қатысып отырған мекемелер өздерінің жоғары сапалы қызмет көрсетіп, халықаралық стандарттарға ұмтылып отырғанын дәлелдемек.
Акредиттеу шарасының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік медициналық мекемелер анықталып, оларды арнайы марапаттау жоспарланып отыр. Акредиттеу нәтижесі бойынша жұртшылық қызмет сапасы жоғары медициналық мекемені таңдау мүмкіндігіне ие болады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды