- Басты
- Жаңалықтар
- Ұ.Қарабалин: Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр
Ұ.Қарабалин: Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр
«Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр. Соның ішінде соңғы екі жылдағы орын алған оқиғалар мұнай және газ саласының жаһандық экономиканың басқа да салаларымен өзара байланысының күшейгенін көрсетіп отыр. Бұған геосаяси және спекулятивтік факторлар әсерінің де өсімі өз ықпалын тигізбей қоймады», - деді Ұ.Қарабалин.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда әлемде көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі байқалып отыр.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемнің 20-ға тарта мемлекетіндегі жағдайлар мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасына қатты байлаулы. Осыған байланысты, жаһандық қаржылық-экономикалық параметрлердің ағымдағы салалық трендтермен қоса өзгеруі мұнай өндіруші елдер үшін ерекше «ауыр» болуы ықтимал. Бірінші кезекте, көмірсутек бағалары дамушы және дамыған елдердің басым бөлігінің экономикалық өсіміне айтарлықтай әсер етеді», - деді Ұ. Қарабалин.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда жаһандық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімділік мейлінше өзекті болып табылады. Бұл ретте Ұзақбай Қарабалин соңғы жылдары әлемдік даму үдерісінде жаңа құбылыстар пайда болғанын алға тартады.
«Бұл құбылыс мұнай өндіру көлемінің оны тұтынудан айтарлықтай өсіп кетуіне қатысты туындады. Егер 2012 жылы мұндай диспаритет ешқандай шу тудырмайтын режимде өткен болса, 2014 жылы бұл нарықтағы бағаның күрт құлдырауына әкеп соқтырды. Әрине, мұнай нарығындағы әрбір қатысушының өз мүддесі баршылық. Дегенмен, алауыздықтардың туындауы, ортақ консенсусты ілгерілету тетігінің көрініс таппауы бұл жағдайды онан сайын шиеленістіріп отыр», - деп түйіндейді пікірін Ұзақбай Қарабалин.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет