- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Радостовец: ТМКҚ-ның 40-тан астам компаниясы жұмыс барысындағы ашықтық бастамасын қолдайды
Н.Радостовец: ТМКҚ-ның 40-тан астам компаниясы жұмыс барысындағы ашықтық бастамасын қолдайды

Қазақстанда өндіру саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) соңғы 10 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. ҚР-да мемлекет пен корпорация жұмысының жаппай ашықтығы керектігі туралы айтылып келеді. Аталмыш бастама енгізілгеннен кейін алғашқы қадамдар жасалды.
«Қазақстандықтар жер қойнауын пайдаланушылар қалай жұмыс істейтінін, қанша табыс табатынын, қаншасын бюджетке төлейтінін, қаншасын халыққа төлейтінін және еліміздің қай аймақтарында жұмыс істейтінін білуі керек. Бүгінде тау-кен металлургия секторындағы 41 компания аталмыш бастаманы қолдап отыр», - деді «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Н иколай Радостовец талқылау барысында.
Оның айтуынша, ТМКҚ секторында статистика жөнге келтірілуде, ол болашақта қауымдастықтың сайтына жарияланатын болады.
«Біз өзіміздің секторға салалық статистиканы енгіздік, барлық ақпарат ТМКҚ сайтында қолжетімді болуы үшін көрсеткіштерді өңдеудеміз. Бүгінде ҚР Үкіметі көптеген мәдліметтерді жариялап отырады және бұл статистикалық мәліметтер бойынша көрініп тұр. Алайда аймақ әкімдіктері бұл ақпаратты жарияламауға тырысады. Мысалы біз аймақтың экологиясын қалпына келтіру үшін үлкен төлемдер төлейміз»,- деп толықтырды Н.Радостовец.
Атқарушы директор атап өткендей, бұл бастамаға аймақ әкімдіктерін көптеп тарту керек, бұл Қазақстандағы ашықтықты дамытудың келесі кезеңі болады.
Ботагөз Айтжанова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
-
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары

