• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды ұсынды

Н.Назарбаев Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды ұсынды

15 Желтоқсан, 2012 00:00
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды ұсынды.

«2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын», – деді Н.Назарбаев. 
Мелекет басшысының айтуынша, елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қуатты серпіліс беруі тиіс.
«Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады», – деп атап өтті Президент. 

Барлық жаңалықтар