- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы басталды
Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы басталды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлағандай, алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында өтетін айлық шеңберінде ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Азаматтар жедел респираторлық вирустың, пневмококты инфекциялар және тұмаудың алдын алу шаралары бойынша тегін кеңес ала алады.
Жұмыс орындарында ақпараттық-ағарту материалдарын тарататын медициналық қалашықтар ұйымдастырылатын болады. Денсаулық мектептері мен жастар орталықтарында жеке гигиенаны сақтау, ЖРВИ-дің, тұмау мен пневмококты инфекциялардың алдын алу бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ, балалар үйлерінде, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, оқу ордаларында сурет, театрландырылған қойылымдар, спорттық ойын түрлерінен байқаулар өткізіледі.
«Айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру», - делінген хабарламада.
Тұмау – негізінен мұрын, тамақ, жоғарғы тыныс жолдарын, кейде өкпені зақымдайтын вирустық инфекция. Әдетте ауру аптаға жуық созылады. Оған дене қызуының күрт көтерілуі, бұлшықет және бас ауруы, қатты әлсіздену, жөтел, тамақтың ауруы мен ринит сынды белгілер тән.
Вакцинация көмегімен ауруды болдырмауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аяғы ауыр әйелдерге жүктіліктің кез келген кезеңінде, балаларға 6 айдан бастап 5 жасқа дейін, қарт адамдарға 65 жастан бастап және одан жоғары, созылмалы аурумен ауыратын және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жыл сайын вакциналауды ұсынады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы