• Басты
  • Қазақстанда ЖКЕ бұзғаны үшін әкімшілік қылмыстық жаза күшейеді
29 Қазан, 2013 16:02

Қазақстанда ЖКЕ бұзғаны үшін әкімшілік қылмыстық жаза күшейеді

Қазақстандық жүргізушілер жаңа жол ережелерімен таныс болады, себебі әкімшілік және қылмыстық жаза қатая түспек.
Қазақстанда ЖКЕ бұзғаны үшін әкімшілік қылмыстық жаза күшейеді

11 қазан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігінен  жол-көлік оқиғасымен күресуді қатаң қадағалауға ұсынған болатын. Мемлекет басшысы 2012 жылы қазақстандық жолда 2,1 мың адам қаза тапқанын айтты, ал 2013 жылдың 3 айналымы бойынша 2,2 мың адамға жеткен.  Президент бұл адам шығынын бәсеңдету үшін  ІІМ Қалмұханбет Қасымовқа  барлығын ретке келтіруді тапсырған.

«Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында рульге мас болып отырған жүргізушіге 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза, немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылып отыр, екі жыл мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып.Сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша әкімшілік және жол полициясының бөлімдерін қайта құру жұмыстары қолға алынуда. Бұдан былай қоғамдық тәртіпті, оның ішінде жол қауіпсіздігін Жол-патрульдік полицияның жаңадан құрылған бірлескен бөлімдері қамтамасыз ететін болады. Бұл бөлімдер «әмбебап полиция қызметкерлері» қағидаты бойынша қызмет етеді.

 Оған қоса, апатты-қауіпті учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оңтайландыру шараларының есебінен қала сыртындағы жолдарға қосымша 500-ден астам полиция қызметкерін жіберуді жоспарлап отырмыз. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің медициналық-құтқару көмегі қызметтерімен бірлесіп жұмыс істейтін болады», - деді И. Лепеха.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды