- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта АЭА-ны жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер қаралды
Сенатта АЭА-ны жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер қаралды
Сонымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы арнайы экономикалық аймақтар қызметіне қатысты негізгі төрт мәселені реттейді. «Заңжобасында АЭА аумағындағы қызметтер түрлерінде басымдықтарды айқындау үдерістері оңтайландыру көзделеді. Бүгінгі күні әлеуетті инвесторлардың қызмет түрлері қамтылмағандықтан, ондай жобалар АЭА аумағына жіберілмей келеді», - деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рақым Ошақбаев.
Оның айтуныша, екіншіден арнайы экономикалық аймақтар үшін бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Бұл ретте бірыңғай үйлестіру «KAZNEX INVEST» компаниясы базасында құрылмақ. «Оған басқарушы компания ретінде мемлекеттік акция пакетін бір бөлігін беру де көзделеді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасындағы үшінші жаңалық - салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Аталған норма негізінен Елбасының шетелдік инвесторлар кеңесінде жүктеген тапсырмасын орындауға бағытталады. «Төртінші жаңалық - АЭА-тарда жер учаскелерін жеңілдікпен пайдалану мерзімін арттыруға бағытталып отыр. Қазіргі күні АЭА-тар 25 жылға құрылатын болса, ондағы жерді пайдалану қолданыстағы заң бойынша тек 10 жылға ғана беріліп отыр. Осыған орай, жаңа норма арқылы жерді пайдалану мерзімін АЭА қызметтерімен бірдей сәйкестендіру қарастырылады», - деді Р. Ошақбаев.
Жалпы, заң жобасы арқылы арнайы экономикалық аймақта басқару жүйесін жетілдіріп, инвестициялық ахуалды арттыру көзделеді.
Индира Кауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері