• Басты
  • Қызылордада 120 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
28 Қыркүйек, 2015 10:36

Қызылордада 120 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

Қызылордада 120 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылордада  120 отбасы баспаналы болды (ФОТО) | Strategy2050.kz

Қызылордада қала күні мерекесіне орай кезекте тұрған азаматтар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойынан әр қайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныс иелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, жаңа пәтер кілт­терін салтанатты түрде табыс етті.

«Елбасының әлеуметтік саланы ерекше қолдауының арқасында тұрғын үй құрылысы Қызылорда облысында жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Айта кетейік, биыл Қызылорда облысында құрылыс көлемі  былтырғы жылмен салыстырғанда  3,5 есеге өссе, облыс орталығы Қызылорда қаласында 8 есеге артып отыр.  Жыл соңына дейін Қызылорда қаласында  2406 пәтер кілті табысталып, 43 көпқабатты тұрғын үй  салынбақ. Дәл мұндай көрсеткіш Қызылорданың тарихында болған емес. Бүгін міне,  Қасиетті Құрбан айт мерекесінде, қала күні мерекесі аясында сіздер үшін қуанышты жағдай - еңсесі биік, жаңадан іргетасы қаланған үйде қоныс тойын тойлап жатсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Құрбан айттарыңыз қабыл болсын»,- деді аймақ басшысы.

Мереке күні баспаналы болып, пәтер кілтін алғандардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды