• Басты
  • ККМ «Астана – Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Астана-Павлодар» бағытындағы жолдарды қайта жөндеуден өткізуде
29 Қазан, 2013 15:10

ККМ «Астана – Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Астана-Павлодар» бағытындағы жолдарды қайта жөндеуден өткізуде

2013 жылдың шілдесінде Қазақстанда «Астана – Теміртау», «Астана – Павлодар» және «Алматы – Қапшағай» бағыттарындағы автожолдардың реконструкциясы басталды. Аталған жолдарды кеңейтіп, бірінші техникалық санатқа ауыстыру көліктерді өткізу қабілетін арттырып, тасжолдардағы апатты оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ККМ «Астана – Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Астана-Павлодар» бағытындағы жолдарды  қайта жөндеуден өткізуде | Strategy2050.kz

«Жолдың ұзындығы –169км. Бұл бағыттағы жол алты учаскеге бөлінген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары екі учаскеде жүргізілуде: Ақмола және Қарағанды облыстарында. Ұзындығы 21 км құрайтын тағы бір учаскенің жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, қазіргі уақытта мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. Қалған 3 учаскенің ЖСҚ әзірленуде. Жобалау –іздестіру жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталады. Осылайша, келер жылы құрылыс жұмыстары барлық учаскеде жүргізілетін болады. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде «Астана – Теміртау» трассасы 4 жолақты болып, 1 техникалық санатқа жатқызылад», - деп хабарламада нақтыланған.

Бүгінгі күні 6,5 км цементті бетон жабындысы төселген. 10,3 км жолда негізгі бөлігінің үстіңгі қабаты төселуде. Жақын уақытта бетон төсеу жұмыстары басталады.Сондай-ақ, жер қазу, топырақ үю секілді жер жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқалған соң негіздеменің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары басталады.

«Алматы – Қапшағай» автожолының ұзындығы -104 км. Бүгінгі күні ұзындығы 51 км-ді құрайтын екі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған екі учаске – 31 және 22 км. бойынша тендер жариялау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.Бұл учаскелердің құрылысын 2016 жылы аяқтау көзделуде.

«Астана – Павлодар» тасжолы төрт жолақты болады. Қазіргі күні учаскеде 2,61 км асфальтты бетонның төменгі қабаты, 2,61 км үстіңгі қабаты және 3,37 км негізгі бөліктің төменгі қабаты төселген. 992,4 мың м3. көлемінде жер қазу, топырақ үю секілді жұмыстар жүргізілген.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды