- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сұлтанов: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтiң дәлелі
Е.Сұлтанов: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтiң дәлелі
«Бұл — қазақ елiнiң егемендiк пен елдiктi, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгiштiк пен патриотизмдi насихаттайтын мерейтойы. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Елордамыз — Астанада алыс-жақын ағайынның басын қосты. Түркi тiлдес бауырларымыз батыр бабаларымыздың рухына тағзым ету және ата тарихынан тағлым алу үшiн өткен ұлы тойдың куәгерi болды. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтiң дәлелi. Бүгiнде елiмiз дамудың ең жарқын болашағын айқындаған «Қазақстан — 2050» стратегиясымен алға ұмтылуда. Отанымыздың өркендеуi жолындағы мақсат-мiндеттердi iске асыруда баршамыз табысты еңбек етуге тиiспiз»,-дедi Ерiк Сұлтанов өз құттықтауында.
Бұдан соң, солтүстiкқазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мерекенiң естелiк белгiлерiмен марапаттады. Кейiн салтанатты жиын мерекелiк концертке ұласты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығы 1465 жылы құрылып, қазақстандық мемлекеттiлiктiң қалыптасуының жаңа кезеңi болды. Атаулы күндi тойлау идеясын Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты.
Қазақ хандығының құрылуына арналған мерекелiк шаралар қазан айының соңына дейiн Қазақстанның барлық қалаларында өткiзiледi.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді