- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: «Аралтұз» АҚ экспорты ағымдағы жылдың 8 айында 15,6 есе артты
ИИДМБ: «Аралтұз» АҚ экспорты ағымдағы жылдың 8 айында 15,6 есе артты
Айта өтейік, мыңға жуық жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорынның өніміне елімізде ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттерден де сұраныс жоғары.
Үдемелі индустриялық-инновациалық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын өткен жылы инвестиция көлемі екі миллиардтан астам теңгені құрайтын жаңа испан технологиясын өндіріске енгізді. Сол арқылы еңбек өнімділігін 2 есеге ұлғайтты, яғни бұрын кәсіпорын айына 5-6 мың тонна тұз өндірсе, енді тұз көлемін айына 12-13 мың тоннаға дейін жеткізді. Нәтижесінде тек Ресейге өнім шығарған кәсіпорын, сыртқы нарықты кеңейтіп ТМД мен Еуропа елдеріне өз өнімін шығара бастады. Бұл өз кезегінде экспортқа шығарылған өнім көлемін үстіміздегі жылы 8 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6 есеге арттыруға ықпал етті.
Кәсіпорынның 90 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шарада жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар айтылды. Жалпы, мерейтойға арналған құттықтаулар еліміздің түкпір-түкпірінен келген.
«Еркін бәсекенің бабын тауып, қабілеттілігін жұмыс нәтижесімен көрсеткен кәсіпорын ел мақтанышына айналды. Өзгелер экономикалық қиыншылық кезеңді бастан өткеріп жатқан шақта «Аралтұз» жұмыс ауқымын көбейтіп, қызметкерлер санын арттыруды жоспарлауда. Оған қоса, кальций қосылған сода шығару секілді ірі жобалар жүзеге аспақ. Осылайша Арал дағдарыстан дамушы аймағына айналып отыр. Елбасы аймаққа сапарының бірінде «Аралға көмектесемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын» деген болатын. Бул Аралдың өсіп-өркендегенін көрсетеді. Баршамызға ортақ мереке құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шара барысында мекеменің 200-ге жуық үздік қызметкері мемлекеттік награда, төс белгі, Құрмет және алғыс хаттармен марапатталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері