- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының Тілдері күні аясында ҚР ДСӘДМ-де Тілдер фестивалі өтті
Қазақстан халқының Тілдері күні аясында ҚР ДСӘДМ-де Тілдер фестивалі өтті
Министрліктен хабарлағандай, фестиваль бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады. Бұл – ұлттық киімдер көрмесі, ауыз әдебиеті халық шығармашылығы сайысы (өлеңдер, әндер), сондай-ақ ең үздік ұлттық тағамдар конкурсы, Қазақстанда халықтарының әдет-ғұрыптарын білу. Фестиваль қорытындысы бойынша ең үздік ұжымдар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан басқа, осы жылы Тілдер күні аясында «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет», «Тілдің тірегі - ұлт», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мерекелер, Қазақстан халықтары тілдерінің ХVII республикалық фестивалі, «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» мемлекеттік қызметкерлер арасында тілді меңгеру бойынша байқау, «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбындағы лекция, «Сөз мерген» викторинасы және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.
Олардың басты мақсаты – Қазақстан халқының ұлттық тілдерін дамыту, тарихы мен салт-дәстүрлерін сақтау, Қазақстан халқы арасында достық пен бірлікті және ынтымақты нығайту.
Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Қазақстанның тіл саясаты елімізді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар тілінің дамуына да барынша жағдай жасауға бағытталады. Тіл халықтар достығын нығайтуға және қоғамдағы өзара қарым қатынасты дамытуға ықпал етеді.
ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесі болып жарияланғанын естеріңізге саламыз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді