ККМ жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізуде

29 Қазан, 2013 14:35
Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев бүгін Астанада өткен ОКҚ баспасөз мәслихатында жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

«Ең алдымен, біз қозғалысы қарқынды автожол учаскелерін жолақтар сызылған және жол шеттеріне қоршаулар орнатылған 1-ші техникалық санаттың қатарына ауыстырып жатырмыз, бұл шара көліктерді басып озған кезде жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығып кетулеріне жол бермес үшін жасалуда», - деді вице-министр.

 2020 жылға дейін шамамен 4 мыңдай шақырым тас жолды 1-ші техникалық санатқа, республикалық маңыздағы 7,2 мың шақырым тас жолды - 2-ші техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда. Осыған орай, «Астана-Щучинск» учаскесін мысалға келтіруге болады: бұл жол учаскесі 6 және 4 жолақты жол санатына ауыстырылғаннан кейін жолдардағы апат оқиғалары үш есеге, ал кісі өлімі –22 есеге қысқарып отыр», - деді М.Пішембаев.

М.Пішембаевтың айтуынша, қазіргі таңда ведомство апатты оқиғалар кезіндегі арнайы қызметті шұғыл шақыру жүйесін енгізу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жаңа жүйе жол-көлік оқиғаларына шұғыл әрекет етуші қызметтердің жедел үнқату уақыттарын орта есеппен 30% қысқартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар