• Басты
  • Қытайда Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті таныстырылды
25 Қыркүйек, 2015 17:41

Қытайда Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті таныстырылды

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Ляньюньган қаласында (Цзянсу өлкесі) сапарда болды және «Қытай-Жібек жолы» 2-ші халықаралық логистикалық көрмесіне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қытайда Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті таныстырылды

Іс-шара барысында Елші Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетінің даму тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ қытайлық кәсіпкерлер мен қатысушыларды мемлекеттің көліктік-логистикалық саладағы транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Ол Қазақстан үшін Ляньюньган порты шет елдегі стратегиялық торап, «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» мемлекеттік бағадарламасының және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Көрменің жұмысына Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Сингапур, еуропалық және басқа елдер, сондай-ақ Гонконгтың 200-ден астам логистикалық және кемемен тасымалдау компанияларының өкілдері қатысты.

Ляньюньган қаласына сапар шеңберінде Ш. Нұрышев «Ляньюньган қаласының Қазақстан-қытай халықаралық логистикалық компаниясы» бірлескен кәсіпорнында, Терминалды басқару бойынша орталықта және Ляньюньган қаласындағы ШЫҰ Халықаралық логистикалық паркінде болды.

Ш. Нұрышев «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Маминмен бірлесе Цзянсу өлкесінің губернаторы Ли Сюэюнмен өткен кездесуге қатысты. Кездесуде қол қойылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Цзянсу өлкесінің халық үкіметі арасындағы Стратегиялық әріптестікті нығайту туралы келісімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бұл құжат «Қорғас Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағындағы өндірістік және логистикалық аймақты дамытуға 600 млн. АҚШ долл. көлеміндегі инвестиция тартуды, бұдан басқа Ляньюньган портының даму келешегін көздейді. Кездесу барысында екіжақты инвестицияның көлемін көбейту және «Ляньюньган-Алматы» бағыты мен Қазақстан арқылы транзитпен Орталық Азия және Еуропаның басқа елдеріне жүретін контейнерлік пойыздардың жүк тасымалын ұлғайту бойынша мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру қажеттігі атап өтілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды