- Басты
- Жаңалықтар
- «Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесіне 180-нен астам кәсіпорын қатысты
«Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесіне 180-нен астам кәсіпорын қатысты
Көрменің мақсаты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы қатынастарды нығайту, бірлескен бизнес жобаларды, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарындағы шекарасыз ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін бақылау болып табылады.
Жыл сайын көрмеге төмендегідей бағыттар бойынша кәсіпорындар қатысады: машина жасау, аспап жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия және ресурсты үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы, қызметтер (денсаулық сақтау, білім, туризм және т.б. салалардағы).
Кәсіпорындардың ұжымдық экспозицияларын Ауыл шаруашылық, азық түлік және өңдейтін кәсіпорындар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Орынбор облысының мәдениет, спорт және туризм министрлігі, Орынбор қаласының Әкімшілігі көрсетті.
Көрмеге Ресейдің, Қазақстанның, Польшаның 180 - нен астам кәсіпорындары мен бизнес өкілдері қатысты.
Көрменің іскерлік сипаты Ақтөбе және Орынбор облыстарының сауда-экономикалық маңызы бар сұрақтарын талқылауға бағытталған әртүрлі семинарлардан, дөңгелек үстелдерден және таныстыру рәсімінен тұрды.
Ақтөбе қаласындағы Индустриалық аймақтың, «Спецтехника» ЖШС компаниясының таныстыру рәсімі мен Қазақстан мен Ресейдің сауда желілері мен жабдықтаушылар өкілдерінің іскерлік кездесуі өткізілді.
2014 жылы көрме Орынбор қаласында өтті, 200 ге жуық қатысушылар мен 2000 нан астам келушілер жиналды. Көрме барысында 2014-2016 жылдарға Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Орынбор облысының арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және қоғамдық ынтымақтастық жөніндегі іс-шараны жүзеге асыру туралы келісімінің Хаттамасы толтырылды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады