- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жол бұрылыстарында қозғалыс бақылауының 10 кешені орнатылды
Астананың жол бұрылыстарында қозғалыс бақылауының 10 кешені орнатылды
«Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған келесі құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі», біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы.
Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды. Бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына беруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта, бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде қалалық басқару орталығына жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа темір жол вокзалы», Мұз сарайы , «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде.
Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеудің аппаратты-бағдарламалық кешендерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта, жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды. Бұл шаралар 1 км/сағ көлік құралының жылдамдығын оптикалық диапазонда тіркеуге мүмкіндік береді және қосымша датчиктерді орнатуды қажет етпейді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары