• Басты
  • «Жауынгерлік достастық – 2015» оқу-жаттығуында әскерилер әуе қауіпсіздігі әдістерін пысықтады (ФОТО)
25 Қыркүйек, 2015 15:18

«Жауынгерлік достастық – 2015» оқу-жаттығуында әскерилер әуе қауіпсіздігі әдістерін пысықтады (ФОТО)

Бүгін, Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов Қарағанды облысының Сарышаған полигонында «Жауынгерлік достастық-2015» ТМД ӘШҚҚ әскерлері біріккен жүйесінің жауынгерлік оқ атуы бар бірлескен оқу-жаттығудың негізгі күнін көріп қайтты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жауынгерлік достастық – 2015»  оқу-жаттығуында әскерилер әуе қауіпсіздігі әдістерін пысықтады (ФОТО)

«Жауынгерлік достастық-2015» жауынгерлік оқ атуы бар ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері біріккен жүйесінің бірлескен оқу-жаттығуының кезеңдері осы аптаның басында басталды. Оқу-жаттығу мақсаты командирлер мен штабтардың бағынысты әскерлерді басқару мәселелерін, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындалу, жауынгерлік үйлесімділік пен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде ТМД ӘШҚҚ күштері мен құралдарының жауынгерлік тапсырмаларын бірлесіп пысықтау болып табылды.

Оқу-жаттығуды өткізу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары әуе нысаналары бойынша С-75, С-125, C-300, Круг және Куб зенит-зымырандық кешендерді іске қосты және әуе қарсыласын алдын ала айқындау мәселелерін пысықтады.

  Сол сәтте маңдайшептік авиацияның ұшақтары Су-27, Су-25, МиГ-29, МиГ-27 және МиГ-31 ұшақтарында әуе және жерүсті нысаналары бойынша басқарылатын зымырандарды іске қосуды орындады, сондай-ақ шағын биіктікте жұп құрамында өзара шартты әуе ұрысын өткізді. «Бұл оқу-жаттығу ауқымы бойынша ғана емес, эскадрильялар мен дивизиондардың жеке құрамының шеберлігімен, сондай-ақ жерүсті қызметтердің кәсібилігімен айрықшаланды.  Жерде және әуеде өзара іс-қимыл жасай отырып, бір сапта туған еліміздің аспанын келісімді және шебер қорғай алу әзірліктеріңді растадыңдар», деп атап өтті қорғаныс ведомствасының басшысы.

Әуе ұрысы – бұл әуе қарсыласын жою және оның шабуылдарын тойтару мақсатында ұшқыштардың немесе авиациялық бөлімшелердің ұйымдасқан түрдегі қарулы қарсы тұруы. Армиялық авиациямен бірлесіп ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Парашюттік дайындық орталығының жеке құрамы Ми-17 және ЕС-145 «Еурокоптер» тікұшақтарында жергілікті жерге диверсиялық-барлау тобын қондыруды орындады және ұшақтарға әуе кемесін мәжбүрлі қалдырудан кейінгі экипажды құтқару және іздестіру жүргізуді келтіру және мақсат көрсету бойынша тапсырманы пысықтады.   Жауынгерлік оқ ату барысында есептоптар мен экипаждар практикалық дағдыларын жетілдірді, кәсіби шеберлік деңгейін арттырды, барлық нысаналар сәтті жойылды. Бірлескен оқу-жаттығуға 1 200-ден астам жеке құрам, 48 бірлік авиациялық техника, 6 зенит-зымырандық кешені және 15 радиолокациялық станция тартылды. Оқу атыстарына баға жетпес тәжірибе жинаған және мол практика алған жас ұшу құрамы қатысқанын атап өтейік.  

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды