- Басты
- Жаңалықтар
- М.Пішембаев: Қазақстанда мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды
М.Пішембаев: Қазақстанда мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды
«Әлемдік мұнай-газ саласындағы жағдай бірінші кезекте біздің экономикамызға және осы саламызға әсер етеді. Көптеген компаниялар өздернің инвестициялық шығындарын қысқартуда. Дегенмен мұнай-газ саласы дамып келеді, елімізде мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалып отырған жоқ», - деп мәлімдеді Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай- газ саласына қажетті құралдар – сораптар, мұнай тербелмелері, ірі бөлшектер және т.б. заттардың өндірісі тоқтап қалған жоқ және бүгінде еліміздегі кәсіпорындарға жеткізілуде.
«ҮИИДМБ аясында мұнай -газ саласына қажетті 1000-ға жуық бөлшектердің өндірісі іске қосылды, аталмыш процес бүгінгі жағдайда да белсенді дамып келеді», - деп атап өтті М. Пішембаев.
Бұдан басқа, Пішембаев баса айтқандай, отандық мұнай -газ саласының кәсіпорындары өз өнімдерін Кедендік одақ пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және өзгеде елдерге экспорттауға бейімделуде.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды