• Басты
  • М. Пішембаев: Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген
25 Қыркүйек, 2015 11:10

М. Пішембаев: Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген

Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген, деп хабарлады Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ОКҚ-да.
М. Пішембаев: Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген | Strategy2050.kz

«Бүгінде темір жол машина жасау  саласының өндірісі дайын өнім санымен есептеледі – тепловоздар, электровоздар, жолаушылар вагоны, жүк вагоны. Теміржол саласының бөлшектер жиынтығының атауы 10 мың шамасында, оның ішінде Қазақстанда 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген», - деп мәлімдеді М. Пішембаев.

Оның айтуынша, отандық машина жасауға  темір жол саласындағы тағы 5 мың жиынтықты игергені жөн.

Өз кезегінде, М. Пішембаев атап өткендей, елімізде жүк тасымалының қысқаруына байланысты темір жол саласындағы бөлшектер өндірісі төмендеп барады. «Біздің нарығымызда бірнеше ондық жеке компаниялар жұмыс істейді, олардың жеке парктері бар. Жүк тасымалының азаюына байланысты вагондарға деген сұраныста азаюда, осы ретте теміржол бөлшектер жиынтығының өндірісі де төмендеуде», - деді ол.

Индира Кауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды