- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қайырымденов: Кенесары үңгірі – туризмді дамытатын жер
Ж.Қайырымденов: Кенесары үңгірі – туризмді дамытатын жер
«Өңіріміздегі Кенесары үңгірі – нағыз туризмді дамытатын жер. Ол жердің табиғаты да тамаша, тарихы да бай. Үңгір қазіргі таңда мектеп оқушыларының сүйікті орны болып саналады. Ол Күміскөлден, яғни Бурабай көлінен екі шақырымдай жаяу жүріп, жоғарыға көтерілгенде, таудың етегінде орналасқан. Кенесары бұл жерде балалық шағында болған дейді, сонымен қатар Ресей отарлау саясатына қарсы күрес жүрген кезде сол үңгірде жасырынған, тығылған деген деректер бар. Сол жерде өзінің серіктестерімен соғыс барысы туралы стратегиялық жоспарлар жасады деген мәлімет те бар. Сондай-ақ, үңгірдің қасынан Кенесары ханның балтасы табылған болатын. Қазір ол мұражайда сақтаулы», - деді Ж.Қайырымденов.
Ауыздан ауызға тараған аңыз бойынша, Хан Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары бала кезінен атқа мініп, садақпен нысананы дәл көздеуді үйренген. Бурабайдың тоғайлы сай-саласында жабайы жануарларға аңшылыққа шығуды жақсы көріпті. Аңға шығып, қанжығасы майланып қайтқаннан кейін өзінің жасағымен осы үңгірде қонған екен. Сол себепті, ел аузында ол «Кенесары үңгірі» деп аталып кеткен.
Үңгірдің көлеміне келсек, ол сегіз қанатты киіз үймен бірдей. Төбесінде түтін шығатын саңылауы бар. Алдындағы кішігірім алаңнан өлкенің көркем табиғаты жақсы көрінеді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу