- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі Семейдегі жылу жүйелерінің жұмысын тексерді
ШҚО әкімі Семейдегі жылу жүйелерінің жұмысын тексерді
Шаһарда алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қарқынды жүргізілуде. Барлық 16 қазандық станцияларында бекітілген кестеге сәйкес қазандық агрегаттары, жүйелері ауыстырылып, жаңа жабдықтар жеткізілген. Қаражыра қиылысынан көмір тасу мәселесі де шешімін тапқан.
Аймақ басшысы қазандықтардағы жұмыс қарқынын тексерді. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өтіп жатқан жылу жүйелерін өз көзімен көріп қайтты. Жылу беру кестесін бұзып алмас үшін, 7 қазанға дейін барлық жұмыстар аяқталғанша, облыс әкімі үш кезектегі жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.
Жылу беру нысандарын аралаған аймақ басшысы қазандық станциялары мен тисіті құрылым басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
« Семейліктерге алаңдауға себеп жоқ. Жұмыс қарқыны жаман емес, өз уақытында аяқталады. Келесі аптада жылу беріледі, бұл әсіресе аурухана, мектеп және балабақшаларға қатысты», - деді Даниал Ахметов.
Ары қарай облыс әкімі «Ертіс» АҚ қаржысына салынып жатқан, 200 орындық спортта дарынды балаларға арналған пансионат пен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, әкім бағдарламасында денсаулық сақтау мекемелері, аурухана және жедел медициналық қызмет көрсету, радиологиялық орталық болды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті