- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы институционалдық реформаларды іске асыруда әйелдер рөлінің артқандығын атап өтті
Мемлекеттік хатшы институционалдық реформаларды іске асыруда әйелдер рөлінің артқандығын атап өтті
Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасында әлеуметтік және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзінің баяндамасында, Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық гендерлік теңдік рейтингінде 43 орынға ие екендігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы қазақстандық әйелдердің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа қырынан танытуда барлық мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова Форумға қатысушылардың назарын 2015 жыл Пекин декларациясының қабылданғанына 20 жыл толуы гендерлік мейнстриминг мәселелерін ілгерілетудегі елеулі кезең екендігіне аударды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған елімізді жан-жақты жаңғырту бойынша Бес институционалдық реформаларды іске асырудағы әйелдер рөлінің артқандығына форумға қатысушыларға айрықша атап көрсетті.
Сөзінің соңында Г.Н.Әбдіқалықова бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартып, форум қонақтарын «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астана қаласына келуге шақырды.
Түстен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ресей делегациясының жетекшілерімен және басқа да қатысушы елдердің делегация басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Төрайымы, РФ Федералдық жиналыстың Федерация кеңесінің Төрағасы В.И.Матвиенкомен, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары О.Ю. Голодецпен, Армения Республикасының Ұлттық жиналысының вице-спикері Э.М.Нагдалянмен, Вьетнам Ұлттық жиналысы Төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонгпен және Тәжікстан Оли Маджлиси Маджлиси намояндагон вице-спикері Юсуфи Хайринисомен кездесті.
Кездесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты